Облыстық полицияның мәліметінше, Toyota Camry жүргізушісі басты жолмен келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол берген жоқ. Соқтығыс салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне төңкеріліп қалған.
«Жол-көлік оқиғасынан медбике дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді», делінген Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.