Экономика • 13 Сәуір, 2022

Күйдіру машиналарының өнімділігі артты

466 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігінің шекемтас өндіру цехындағы екі күйдіру машинасы жаңғыртылып, қайта іске қосылды. Жабдықтың жұмысы 6 ай тоқтап тұрған болатын. Қалпына келтіру жұмыстарына 1 жыл кетті. Жобаға жұмсалған инвестиция көлемі шамамен 3 млрд теңгеге тең.

Күйдіру машиналарының өнімділігі артты

Шекемтас өндіру цехында бұрын 8 күйдіру машинасы бар болса, енді олардың саны 10-ға жетіп отыр. Жаңғырту жұмыстары қос жабдықтың жұмыс қуатын қалпына кел­тіріп, өнім­ділігін арттырыпты. Ат­­қарыл­ған жұмыс көлемі ауқым­ды. Қалпына келтіру бағ­­дар­­ламасы №9 және №10 күй­­­діру машиналарын ғана емес, со­нымен қатар іске қо­сыл­­ған күй­діру, күйдіру-сұ­рып­­тау тех­но­логиялық учас­ке­лерін де қам­тып­ты. Жалпы, жөн­деу жұ­мыс­тары құрылыс, механи­калық және электр ба­ғыт­тарында жүрген.

– Жабдықтың техникалық жай-күйі өнімділікке тікелей әсер етеді. Жөнделген күйдіру машиналары сағатына шамамен 93 тонна күйдірілген ше­кем­­тас өндіретін болды. Кон­­сер­­ва­циядан бұрын аталған көр­­сет­кіш 84 тоннадан аспайтын. Жабдықты жөндеу негізгі тех­но­логиялық және қосалқы жаб­дықтарда қатар жүргізілді. Жаңа электр қозғалтқыштары, өрт сөн­діргіштер мен тартқыш қон­дыр­ғылардың жетек­терін іске қосу және басқару жүйе­лері орна­тыл­ған. Жоғары вольт­­ты желі толығымен ауыс­тырылды. Қазір ма­ши­наның өніміділігі жоғары, шы­ғы­ны төмен. Жақсы жұмыс істеп тұр, – дейді Өнеркәсіп ке­ше­ні техникалық бөлімінің жылу-техника инженері Максим Карев.

Қайта құру өндірістік алаң­дар­дың жарықтандыру жү­йе­сіне де әсер етіпті. Қызмет­кер­лер жүретін жолдарға қуат үнемдейтін шамдар орнатылған. Кеңістік неғұрлым жарық болса, соғұрлым қауіпсіз және қыз­меткерлердің денсаулығына зиян келтірмейді. Жаңғырту жолын­дағы тағы бір қадам – күй­діру машинасының жұмы­сы кезінде адами фактор­ды азайтатын техноло­гия­­лық про­цесті басқарудың автомат­тан­дырылған жүйесін енгізу. Барлық процесс параметрлері бар күйдіру машинасының «Жанды моделі» оператор бөл­месінде орнатылған ком­пьютер мониторында ұсы­ныл­ған. Жүйе бірлестіктің өнді­ріс­­тік жағдайларына бе­йім­дел­ген және күйдіру машинасы жабдықтарының бар­лық ке­шенінің жұмысын тұрақ­тан­дыруға бағытталған.

– Басқару пультінің операторлары тәулік бойы жұмыс іс­тейді. Олардың басты міндеті – бақылау-өлшеу аспаптары­ның көмегімен темір кені шекемтас­тарын күйдіру. Технологиялық процестегі негізгі параметрлерден ауытқу кезінде оператор оларды жою үшін жедел шара­лар қабылдайды. Тұтынушылар­­дың талаптарын қанағаттанды­ра­тын сапалы шекемтас шы­­­ға­ру – Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлесті­гін­дегі шекемтас өндіру цехы­ның негізгі міндеті. Күйдіру машиналарын күрделі жөн­деу өнімдеріміздің бәсекеге қа­білеттілігін арттыруға сеп бо­лады. Сондықтан кәсіпорын шығарылатын өнімнің өзін­дік құнын төмендетуге, негізгі технологиялық жабдықтың өнім­ділігін арттыруға және ең­бек жағдайларын жақсартуға бағытталған жобаларға тұрақты инвестиция құйып келеді, – дейді Максим Карев.