Соңғы тәулікте COVID-19 3020 адамда анықталды. Оның 21-і шетелден келсе, 2 999-ы елден табылған. Жұқтырғандардың ең көп саны Шанхайда (2 573) және Солтүстік-Шығыс Цзилинь провинциясында (325) тіркелген.
Қалған 26 391 адам аурудың асимптоматикалық тасымалдаушылары болып табылады, олардың 73-і шетелден келген, 26 318 жағдай ел ішінде тіркелген. Асимптоматикалық науқастардың ең көп саны Шанхайда (25 146), Цзилинь провинциясында (674) және Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында (129) анықталды.
Ресми түрде пандемия басталғалы бері Қытайда коронавирусты жұқтырудың 171,3 мың расталған жағдайы анықталды (ҚХР билігі статистикаға асимптоматикалық пациенттер туралы деректерді қоспайды). Өлім саны 4 638-ді құрайды. Елдегі эпидемиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр.
Аяна Тоғанбек