«Неғұрлым тиімді нәтиже шығару үшін жасыл желектерді өңдеу жұмыстары түнгі 23:00-ден 06:00-ге дейін жүргізіледі», деп мәлімдеді Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның ақпараты бойынша, бұл уақыт өңдеу үшін қолайлы кезең. Өйткені күн сәулесі болмаған кезде зиянкестерге әсер ету тиімділігі артады.
Әкімдікте мәлімдегендей, өңдеу үшін Қазақстанда рұқсат етілген қауіптілігі төмен класты биологиялық препарат қолданылады.
«Препараттардың ерекше иісі бар, бірақ қоршаған ортаға, адам денсаулығына, сонымен қатар үй жануарларына, құстарға зиян келтірмейді», деп қосты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жұмыстар бүкіл қала бойынша жүргізіледі, бірінші кезең бір айға созылады. Келесі үш кезең маусым, шілде және тамыз айларына белгіленген.
Аяна Тоғанбек