Қоғам • 14 Сәуір, 2022

Доллар арзандады

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Доллар арзандады

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,80 теңгеге төмендеп, 448,19 теңгені құрады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 14 сәуірдегі ресми доллар бағамы 450,17 теңгені құрайды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 452,78 теңге, сату-457,95 теңге. Нұр-Сұлтан ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 451,88 теңгеден сатып алады, 455,70 теңгеден сатады.

Аяна Тоғанбек