Сотта хабарлағандай, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынды.
«Тергеу сотының қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органының қолдаухаты қанағаттандырылды, екі ай мерзімге күзетпен ұстауға санкция берілді», деп хабарлады Алматы қалалық сотында.
Мұхтар Базарбаевтың неге күдікті екені туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы Alan Parking фирмасынан 30 пайыздық үлесін сатып алған болатын. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.
Сондай-ақ Қайрат Боранбаев осы жылдың наурыз айының ортасында қамауға алынған болатын. Ол аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді.
Аяна Тоғанбек