Нөсер жаңбыр Оңтүстік Африканың шығысындағы Дурбан қаласында су тасқынын тудырды. Осыған байланысты елдің негізгі порты қирап, Квазулу-Натал жағалауындағы провинциядағы жолдар да апатқа ұшыраған. Ел билігі ешқандай шара қолдана алмай отыр.
Із-түзсіз жоғалғандарды іздеу әлі жалғасып жатыр. Тұрғындар үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.
Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафоса Дурбан қаласындағы су тасқыны мен көшкіннен зардап шеккен елді мекендерге барып, жағдайды көрді. Квазулу-Натал провинциясы апат аймағы деп жарияланды.
Билік зардап шеккен бірнеше адамға уақытша баспана берді.
Аяна Тоғанбек