Барлығы 155 велостанцияда 1 мыңнан астам велосипед орналастырылған. Велошеринг қызметін пайдалану үшін www.velobike.kz сайтында онлайн тіркеуден өтіп, абонемент сатып алу қажет.
Абонементті сондай-ақ City Transportation Systems компаниясының кассаларынан алуға болады. Екі дөңгелекті көлікті жалға беру жүйесі 24/7 режимінде қолжетімді.
Велопрокатқа тарифтер өткен жылғы бағамен қалды:
Стандартты абонементтер:
айлық абонемент – 2 500 теңге;
- тоқсандық абонемент – 6 000 теңге;
- маусымдық абонемент – 10 000 теңге.
Жеңілдікті абонементтер:
- тоқсандық абонемент – 3 000 теңге;
- маусымдық абонемент – 5 000 теңге.
Велосипедті 30 минутқа дейін тегін пайдалануға болады.
Осы уақыттан асқаннан кейін жол жүру құны жалға алу уақытына қарай төлем бөлігін есепке ала отырып есептеледі:
– 0-ден 30 минутқа дейін – абонемент құнына қосылған;
– 31-ден 60 минутқа дейін – 100 теңге;
- 61-ден 120 минутқа дейін – 250 теңге;
- 121-ден 180 минутқа дейін – 500 теңге;
181 минуттан бастап және әрбір келесі сағат – 1 000 теңге.
Тәуліктік абонементтер:
- 1 тәуліктік абонемент – 3 500 теңге;
- 3 тәуліктік абонемент – 9 000 теңге;
- 7 тәуліктік абонемент – 17 500 теңге.
Велопрокат сервисі бойынша консультация алу үшін Нұр-Сұлтан қаласы бойынша бірыңғай байланыс орталығына (iKOMEK-109) қоңырау шалып немесе CTS компаниясының Instagram @cts_kz және Facebook @CityTransportationSystems әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасына жазуға болады.