Оқиға • 16 Сәуір, 2022

Түркістан облысында бір жарым жасар баланы көлік қағып кетті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік қаққан бір жарым  жастағы бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Түркістан облысында бір жарым жасар баланы көлік қағып кетті

Қазір аяғы сынып, көптеген дене жарақатын алған бала ауруханаға түскен. Оқиға балабақша маңында болған. Алғашқыда бүлдіршін көліктен шығып тәрбиешісіне қарай жүгіріп бара жатқанда, сүрініп құлады деген ақпарат айтылған. Бірақ облыстық полиция департаменті баланы көлік соққанын хабарлады.

Оқиаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.