Ұлт ұрпағын жұрт кісісі дәрежесіне көтеретін – ата-ана, мұғалім, билік. Осы үш тірек намыс найзасын мұқалтпай, жігерін жанып, үміт отын үрлесе, жалғандыққа бармаса, сапалы білімді санасына күңгірттендірмей сіңірсе, таңғы шықтай мөлдір, күн сәулесіндей тұнық тәрбие берсе, жаратылысында кемдік болмаса, бала теріс кетпейді.

Сұлу торыдай бірінен-бірі озып, бірінен-бірі асқан жұрт кісісі шықпай қоймайды.Ондай ұрпақ қалыптастыра алсаң, дүниең түгел, көңілің алаңсыз. Біз бұл байламдарды алаштықтар қағида етіп айтып кеткен тәбәрік өсиеттерден туындатып отырмыз. Алып Ахаң (Байтұрсынұлы) «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болады» деген ғой. Шынында, қалай оқытып, қалай тәрбиелеп жүрміз?
Бірден айтайық, ала-құла, «жыры» таусылар емес. Оның себебін ондаған жылдар ішіндегі жөнді-жөнсіз жасалған реформадан іздеуіміз керек. Тіпті оқу жүйесі мен денсаулық ісі ел болғалы сынақ алаңына айналғаны белгілі. Басшы ауысса бір бағдар шыға келіп, мұғалім мен оқушыны әуре сарсаңға салады. Осы жүйесіздікке енді тыйым болатын шығар?..
Әлемдік білім кеңістігіне кіреміз, он екі жылдыққа пәлен жылы өтеміз деген алып ұшқан басы бар, аяғы нақтыланбаған, ғылыми негізі кем, бірақ қыруар қаржы қарастырылған, ұштығына жетпеген ақпарат-реформалар әлгі ала-құлалыққа әкеліп ұрындырып, соның зардабынан құтыла алмай келеміз.
Бұл арадағы біздің айтпағымыз мынау еді: мемлекеттік орта білім мен жоғары білімді былай қойғанда ақылы мектептер деген шықты. Оған мың емес, бірнеше миллиондап ақша төлейді. Шыдағандар ұл-қызын оқытып жатыр. Ондай білім беретін мекемелерде дайындық сыныбына 5,6 млн теңге, 3-5-сынып оқушылары үшін 9,7 млн теңге, 10-11-сыныптар үшін 12,6 млн теңге төлейді екен. Әрине, осынша қаржы төлеген жерде білім сапасы да, оқушыларға жасайтын жағдай да ерекше болатыны мәлім. Сондай ақша жұмсаған оқушылардың бәрі шетінен жүзден жүйрік пе екен?
Қазір бай мен кедей дегенді, аз қазақты одан да басқа топтарға бөліп жүргеніміз де ақиқат. Иә, бай-бағылан балалары қысылмай оқиды, ал қалтасы тесік, айлығы шайлығына жетпей жатқан кедей топ жәудір көздері қайтпек? Олардың ішінде де таланттар, топты жарған мықтылар жоқ дей аламыз ба? Әрине, бар. Қияндардағы ауылдарда да. Ұмтылады. Ата-анасының қолы қысқа, содан шетке шығып қала береді. Жалпы, нарықтың заманы осылай екен деп ұрпақты бұлай бөлу, түптің-түбінде қиындық туғызуы мүмкін. Бай баласы мен кедей баласы алакөздеспей тұра ма? Бұл да ойланатын сұрақ.
Егер жаратылысымыздан нарық бойынша өмір сүріп жатсақ, сөз басқа. Нарықты жалаулатып кеше бір сапта жүрген бір шоғыр алдыңғы толқынның аяқ астынан бөлектеніп кетуі, олардың ұрпақтарының тасып, шалқып өмір сүруі жұртшылықты ойландыра бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің байлығы қанша адамның қолында екенін ашып айтты. Оларды жағалағандардың да бармағы бір ілім майға іліне кеткені хақ.
Жасыратыны жоқ, қазір мемлекеттік мектептердің мәртебесі онша емес. Себебі олардан жауапкершілікті талап ету жағы кемшін сияқты. Көп жағдайда өздерімен өздері қалып қойғандай. Бұрын Ұлттық бірыңғай тестінің қорытындысы білім ұяларын қамшылап қана қоймайтын, талап ететін. Сол ҰБТ білімнің көрсеткіші еді, оны да түрлі бағыттарды алға тартып қожыратып жібергендейміз. Бұрын мектеп қана емес, аудан, облыс ҰБТ көрсеткіші бойынша да жұмыстары бағаланып жататын. Сол білім сынағынан «Алтын белгіге» ұсынылғандар өтпей қалып жататын. Осы күндері мектеп ұжымдары бірлі-жарым емес, ондаған түлекке «Алтын белгі» беріп әспеттейді. Бірақ олардың бәрі бірдей ҰБТ-дан аттай шауып өтпей қалып жататыны және бар. Алда бір-екі айдан кейін оқу жылы аяқталады. Оның нәтижесі қалай болады, «Алтын белгіге» қанша оқушы ұсынылды, олардың ҰБТ-дан сүрінбей өткендері мен сүрінгендері туралы дерек сарапқа салынып, ақиқат пен жасандылық айқындала ма? Әлде жылдағыдай сен тимесең мен тимемен тындым бола ма?
Түйін сөздегі түйін, бар балаға арналған мемлекеттік, әспеттеген жеке мектептердегі, шағын топтарға арналған орталықтардағы білім сапасын, басшыларының іскерлігін (жеті жыл болыпты деп ауыстыра салуды әдетке айналдырмай, мықтыны осал жерге жіберу), айлықтары көбейген мұғалімдердің іс-тәжірибесін таразы басында теңшеп, қосақ арасында жүргендерді шынайы сынақта анықтамау керек. Басты мәселе, ел бюджетінен мол қаржы алып отырған мемлекеттік мектептің жауапкершілігін көтермей, көсегенің көтерілуі екіталай.
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Пәтер тұрғындарын банк қосымшасы арқылы тіркеуден шығаруға болады
Қоғам • Бүгін, 13:20
БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті
Оқиға • Бүгін, 13:10
Жас теннисшілер ITF турнирінде жүлделі болды
Теннис • Бүгін, 12:53
Ауыл жастары құрған компания 2,4 млн доллар инвестиция тартты
Қоғам • Бүгін, 12:45
Ұқсас жаңалықтар