Осыдан екі жыл бұрын республикалық әдеби газетте жұмыс істеп жүрген кезім. Кабинет есігі қағылды, төрт қыз, екі жігіт келіп тұр. Алматыдағы мәлім университеттің студенттері болып шықты, газетте тәжірибеден өтуге ниетті екен.

Мен оларды ертіп бас редакторға апардым. Әлденеге шұқшиып отырған ол кісі «бәрін шақыр, жиналыс болады», деді. Жиналыс басталарда алты студенттің бұйымтайын сұраған басекең қолына газеттің жаңа нөмірін алып: «Мына бірінші беттегі кісі кім, танисыңдар ма? Сендер журналистиканың төртінші курсын аяқтағалы жатырсыңдар, бұл кісіні танымасаңдар ұят әрі сын», деді. Төтесінен келер сынақты күтпеген студенттер қапелімде не дерін білмей сасып қалды. Сосын мен тыныштықты бұзып, «қазіргі жастар қайтыс болып кеткен қаламгерлерді танымайды ғой» деп ем, әлгі студенттер мені қостап ала жөнелді. Тіпті бірі «апайлар бізге тірі адамдар туралы айтып беретін, біз шынымен бұрын қайтыс болған кісілерді танымаймыз» демесі Бар ма? Жүзі сұрланып кеткен бас редактор басын шайқап, алдында тұрған өрімдей жастарға, болашақ «журналистерге» не дерін білмей дағдарып қалды. Сосын ол: «Мына жігіт сендерді әдейі шатыстырып, жаңағы кісіні қайтыс болған деп отыр, ал ол кісі өмірде бар, қаласаңдар, осында шақырайын, жақсылап танысып алыңдар» деп сөзін көңілсіз аяқтады.
Маған бұл алты студентпен жұмыс істеу тапсырылды. Алтауына алты шағын мақала жазып келсін деп айттым. Әрине, өздері жаза алатын алуан тақырыпта. Екі күннен кейін әлгілерден «мақалалар» келе бастады. Біріншісі былай деп бастапты. Қаз-қалпында хатқа түсіріп отырмын:
«Өткенде ауылға барғанда, апамның тапсыруымен сиыр саууды үйрендім. Қиын екен. Қазіргі ауыл адамдарына жаным ашиды. Қайтып шыдап жүр деп ойладым». Міне, осылай. Күлесіз бе, жылайсыз ба? Ал екіншісінің «мақаласының» тақырыбы «Көлікті байқап жүргізейік» деп қойылыпты. Оқуға дәтім шыдамады. Солай да солай, екі ай уақыты біткен олар «үлкен газетте практика көріп қайттық, күшті болды» деп бадырайтып тақырып қойып, әлеуметтік желіге бір-бір сурет салды да, тайып тұрды.
Бұл қазіргі біздің қоғамдағы кей жастардың көрінісі деуге әбден болады. Бірақ біз жастардан үміт күтіп едік қой, танымастық өзіңнен басталатыны өзекті қаритынын сезе бастадық. Анда-санда газет бетіне суреті басылған әлгі ақын ағаны үлкен жиналыстардан, бас қосулардан кездестіріп қаламын, сонда әлгі алты студенттің танымастығы ойыма сап ете түседі. Танымастық, әй, атың өшкір танымастық.
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Ұқсас жаңалықтар