Қоғам • 18 Сәуір, 2022

Елордада жылу өшіріле бастады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елордада жылу өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада жылу өшіріле бастады

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік нысандарда жылу беру тоқтатылады.

Бұған дейін хабарланғандай, ауа райының жылынуына байланысты Астанада 18 сәуірден бастап жылу өшіріледі.

«Қаланың жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларының» 42-тармағына сәйкес сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы +10 градус және одан жоғары болған кезде күнтізбелік бес күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті атқарушы органының жылу маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады. Әлеуметтік нысандарды қоспағанда, бесінші күн 17 сәуірге түсетінін ескере отырып, 18 сәуірден бастап жылуды өшіру туралы шешім қабылданды.

Аяна Тоғанбек