Тағайындау • 18 Сәуір, 2022

Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

688 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұрлан Бикенов тағайындалды, деп хабарлайды  Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Нұрлан Рахметуллаұлы Бикенов 1973 жылы Нұра ауданында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар: ол 1997, 2002 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды және 2013 жылы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.  

Еңбек жолын 1991 жылы Нұра ауданындағы Куйбышев атындағы совхозда жұмысшы болып бастады. 1995 жылдан 2001 жылға дейін С.Талжанов атындағы орта мектепте мұғалім болып жұмыс істеген.

2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Нұра ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жастар ісі жөніндегі бас маманы болды. Содан кейін Қарағанды облыстық Ішкі саясат департаментінің саяси партиялармен және қоғамдық және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің жетекші, бас маманы және меңгерушісі болып қызмет істеген.

2007 жылы Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды. Одан кейін облыстық Ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2012 жылдары Осакаров ауданы әкімінің орынбасары болып еңбек етті.

Одан кейінгі жылдары облыстық Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, сондай-ақ Дін істері басқармасының басшысы қызметтерінде болды.

2020 жылдың қаңтар айынан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.