Мектепте оқып жүрген оқушыға албырттық, жастық тән ғой. Соңғы қоңырау соғылар мезет жақындаған сайын неше түрлі арман-қиялға беріліп, қай мамандықты таңдарымызды білмей қиналысқа түсетінбіз. Менің алдымда екі таңдау тұрды: бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, екіншісі – адамдардың тыныштығын күзететін полиция қызметкері атану. Қазақ құрбыларыммен жиі араласқандықтан, тұрғылықты халықтың тілін, салт-дәстүрлерін білуге құмартып өстім. Гаврилов ауылындағы аралас мектепте оқып жүргенде қазақ сыныптары ашыла бастады. Оған ауысқым келгенімен, анам жүрексінді. «Игере алмасаң ше...» деп сескенген болу керек. Бірақ М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Тіл институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне түсу жөніндегі игі тілегімді жан-тәнімен қостап, студент атанғанда жүрегі жарылардай қуанды. Өйткені, менің өз жолымды тауып, айқын мақсат адастырмайтындығына нық сенген еді.
Студенттік жылдар мемлекеттік тілді терең меңгеру кезеңіне жалғасты. Топтағы 30 студенттің 10-ы өзге энтос өкілдері болғанымен, сабақта да, қоғамдық жұмыста да ауызбірлік танытып, татулық пен достықтың ұясын қалыптастырдық. Ұстаздарыма деген алғысымыз шексіз. Білмегенімізді ыждағаттылықпен, сабырмен үйретіп, үнемі демеп отырды.
Міне, ұстаз атты қастерлі мамандықтың қыр-сырын меңгеріп, тылсым терең тұңғиығына бойлағаныма да төрт жылға жуықтады. Содан бері Возвышен орта мектебінде жоғары сынып оқушыларының қарым-қабілетін ұштап, қазақ тілін меңгеруіне өз үлесімді қосып келемін. Бір кездері университет ұстаздарынан алған тәлім-тәрбиені тәжірибе ретінде қолданып, әр сабақты ұғымды, түсінікті түрде өткізуге тырысамын. Сол себепті сөздікпен көп жұмыс істеуге дағдыландырып, түрлі деңгейдегі мәтіндерді аудартуға баса назар аударамын. Өздік диктанттарын жиі жазғызамын. Бір сөзбен айтқанда, тіл үйренудің барлық мүмкіндіктерін қарастырамын. Мектеп оқушыларының қазақ тілін меңгеруге деген ынта-талабы күшті. Өз ойларын еркін жеткізіп, нақты тапсырмалар бойынша ой-пікірлерімен алмасады.
Тілді біліп қою жеткіліксіз. Салт-дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды меңгерген адамның танып-білсем деген ынтасының арта беретінін күнделікті өмір көрсетіп отыр. Мен өзімнің біліктілігімді үздіксіз шыңдау мақсатымен педагогикалық басылымдарды, интернет материалдарын жүйелі пайдаланамын. Республикалық «Егемен Қазақсан», облыстық «Солтүстік Қазақстан» газеттерін оқу – әдетім.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі мамандығын таңдау арқылы қазақ халқы жайлы ой-өрісім кеңейіп, достарым да көбейді. Бүгінде қоғамымызда мемлекеттік тілді білудің маңыздылығы мен қажеттілігін, барша қазақстандықтарды біріктірудің маңызды фактор ретіндегі рөлін түсінушілік барған сайын артып келеді. Мен сияқты қазақ ұлтынан емес жастардың қазақ тілін жақсы білетінін жиі кездестіретініме қуанамын. Оларға барлық жерде қолдау көрсетіліп жүр.
Ирина СЕДОВА,
Возвышен орта мектебі қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінің мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Ғ. Мүсірепов ауданы.

Табысты растау міндетті болады: 1 шілдеден бастап ипотека беру тәртібі өзгереді
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30