Аймақтар • 19 Сәуір, 2022

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бақытжан Позилов Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Бақытжан Позилов әйелінің сырқатына байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Кеше мен жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Оның себебі әйелімнің сырқаттанып қалуы. Бүйрегі ауыстырылды. Айта кетейін, мені қызметке қиын сәтте тағайындады. Мен өзіме берілген тапсырманы барынша аз шығынмен орындадым деп ойлаймын. Пандемия болғанда үш күн ұйықтамаған сәттер де болды. Мен Шымкенттегі медицинаның деңгейін көтердім», деп бөлісті Б. Позилов.

Сондай-ақ Позилов әріптестеріне коронавирус пандемиясы кезінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Қалағанның бәрін орындай алмағанымызды мойындауым керек, бірақ мақтан ететін нәтижелер бар! Мен барлық әріптесіме COVID-19-бен күресте біріге жұмыс істеп, жанқиярлық көрсеткені үшін алғыс айтамын! Бұл - ортақ жеңісіміз! Бәріне рақмет, кездескенше», деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы.

Айта кетейік, Бақытжан Позилов 2020 жылдың 2 қазанында Шымкент қаласының бас дәрігері болып тағайындалған.