Оқиға • 19 Сәуір, 2022

Қаңтар оқиғасы: Жалған ақпарат таратқан үшін 11 қылмыстық іс қозғалды

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтардағы оқиғалар бойынша жалған ақпарат таратқаны үшін 11 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Жалған ақпарат таратқан үшін 11 қылмыстық іс қозғалды

«Әлеуметтік желілерде жалған ақпарат, соның ішінде күдіктілерге тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдану туралы ақпарат пайда болып жатыр. Әр факт мұқият тексеріледі. Қылмыстық кодексте  жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске саламын. Қазіргі уақытта осындай хабарламалар бойынша 11 сотқа дейінгі тергеу тіркелді. Бір қылмыстық іс сотқа жолданды», деді ҚР Бас Прокуратурасының 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Ол құқық қорғау органдары мен прокуратура қаңтардағы оқиғалардың мәнжайын толық және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерді жұмылдырады деп сендірді.

Аяна Тоғанбек