«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлауға ниеттенген.
Бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.
Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленді», делінген хабарламада.
Бұған дейін Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшылары қамауға алынған болатын.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Аяна Тоғанбек