Күнделікті өмірде көпұлтты көршілеріміздің арасында жиі талқыланатын тақырыптар бар. Күн жылына бастаса сусыз қалатын көшелер, үп еткен желден жалп етіп сөне салатын жарық, ойдым-ойдым жолдарды жөндеу сияқты жыл құсындай қайта-қайта оралатын мәселелерден бөлек, мектептен қайтқан балаларды жолдан өткізбейтін бұралқы иттер, бір көршінің босап кеткен қабаған төбеті, тағы бір көршінің жоғалып кеткен мысығы тақылеттес жайттар тіршілігіміздің ажырамас бөлшегі екенін көпшілігіміз байқай бермейміз.

Бөрінің үйіріндей бірігіп, шағылысып көбейіп, қыстың қақаған аязынан ашығып, ашынып шыққан қаңғыбас иттердің барлығы да бір кезде біздің көшенің тұрғындары асырамақ болып алып келген томпайған, сүйкімді күшіктер болғаны сөзсіз. Бірақ ол да тіршілік иесі болғаннан кейін ауырады, көбейеді, тамақ керек, артын тазалау керек, емдету керек. Ит, мысық асырау да кәдімгідей бейнет. Жылда үйіңізді марғау мен күшіктерге толтырып, кімге таратарыңызды білмей отырмас үшін, ветеринарға апарып тиісті шарасын жасатып алу қажет. Қысқасы, тілін түсінбеймін демесеңіз, үй хайуанаттарын асыраудың үлкен жауапкершілігі бар. Одан да үлкені – обалы мен сауабы.
Ал көптеген елде мұның бәрі заңмен реттелген. Егер итіңіз көшеге, саябаққа саңғып кетсе, тиісті қызмет нәжісін бірден зертханаға апарып, кімнің итіне тиесілі екенін анықтайды да, іле-шала қомақты айыппұл төлетеді. Сондықтан итіңіздің «қалдықтарын» салып алатын қалта алып жүруге тиіссіз. Өкінішке қарай, елімізде әзірге бәрі керісінше болып тұр. Кез келген мәселенің майда-шүйдесі болмайды. Бізге айналамыздағы адамдармен ғана емес, қоршаған орта, тіпті өзіңіз жауапкершілігін алған кез келген тіршілік иесімен санасуға тура келмек. Бұл болмаған жерде сөзсіз тепе-теңдік, ізгілік қағидалары бұзылады.
Егер осындай мәселе болмаса, әлемге әйгілі киноактриса Брижит Бардо Президент Қ.Тоқаевқа хат жазар ма еді?! Қысқа ғана баяндағанда, 2019 жылы Брижит Бардоның Жануарларды қорғау қоры Қазақстан Президентіне ашық хат жазып, еліміздегі панасыз үй жануарларының құқығын қорғауға, қамқорлық көрсетуге ықпал етуін өтінгені есте болар?.. Бұған біздегі кісінің төбе шашын тік тұрғызатын қатыгез оқиғалар түрткі болған. Жаппай демесек те, жануарларды қорлауға, азаптауға, тіпті зорлауға қатысты жантүршігерлік жағдайлардан өзіміз де хабардармыз. Адам атын жамылғандар кей жағдайда иті ауырып қалса, қартайса, улы жебелермен атқызады, олар сағаттар бойы азаптанып өлетінін, көршінің иті ұнамай қалса да ит аулайтындарды шақыратынын жоққа шығаруға болмас.
Былтыр Брижит Бардоның арнаулы елшісі Брижит Олуа Қазақстанға келіп, бірқатар өңірді асықпай аралап, көрген-білгенін БАҚ өкілдерімен бөлісе келе: «Мұнда жан түршігерлік жайттарды, мысалы, ит пен мысықты азапқа душар етіп, улы жебемен атып жатқан, аулап, оларды өртеп жатқан кездерді көрдім, – деді. – Көршілерінің иттерін, тіпті өз иттерін ауырса немесе буаз болса, өлтіріп жатқаны туралы бейнебаяндар жеткілікті. Біз мұнда адамдар арасында қорғаушысы жоқ жануарлардың қамқоршысы болу үшін келдік. Барлық жерде, керек десеңіз Кабулда да оларды адамгершілік тұрғыда зарарсыздандырады. Бұл әдіс бюджет қаражатын үнемдейді әрі жануарларға қатысты адамдық қасиетті сақтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда олар жантүршігерлік жағдайда, қорғануға, күн көруге мәжбүр, сондықтан олар тістеп, қауып алуға дайын», дегені есімізде.
Алайда бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Пәрмен болмаған соң, құзырлы мекемелер де түсініктеме бермеді. Есесіне ақпараттық сайттардан «Зейнеткерді талаған ит», «Итті етке өткізген», «Қойларды талаған иттер», «Атбасарда алабай талаған әйелдің аяғын кесіп тастады», «Оқушыны ит талап өлтірді, «Өзін өлімге қиған ит» деген жантүршігерлік хабарларды жиі көз шалады.
Осылардың ішінде ең сорақысы – «Мысық өлтіргіш әйел» деген тақырыппен тараған ақпарат. Құлсары қаласында мысық көрсе ұстап алып өлтіріп, балконына іліп қоятын 38 жастағы әйелдің әрекетін ақыл-есі бүтін адамның ісіне жатқызуға болмас, бірақ шешесінің жантүршігерлік әдеті балаларына да жұғысты болған. Әлі жететін үй жануарын көрсе, олар да аямайды. Күшік көрсе суға ағызады, мысық көрсе тұншықтып өлтіреді. Әрине, бұлар Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша жануарларға көрсеткен қатыгездігі үшін істі болған. Айтқандай, Брижит Бардоның арнаулы өкілі «иттеріңіз стресте өмір сүріп жатыр» деп кеткен-ді. Айналып келгенде кеудесінде жаны барда, табиғат заңы – қараусыз үй жануарлары да көбейеді, ауырады, кеселдер таратады. Егер өшіксе, қабаған болса, бұл – олардың адам-
дарға деген өкпе-ренішінің өтеуі.
Қазақстан, Әзербайжан және Түркия көлік-логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан • Бүгін, 21:00
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Бүгін, 20:40
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 20:23
Президент мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 20:02
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заң жобасы әзірленді
Қазақстан • Бүгін, 19:53
Президент Koç Holding компаниясының басқарма мүшесі Али Кочты қабылдады
Президент • Бүгін, 19:30
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 19:17
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Бүгін, 18:57
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Бүгін, 18:38
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 18:18
«Miras» кеңесінде Ұлттық құрылтайдың міндеті талқыланды
Қоғам • Бүгін, 17:53
Павлодар облысында суға батып кеткен қыздың денесі табылды
Оқиға • Бүгін, 17:44
Astana велоклубы «Тур де Франсқа» қатысатын құрамын жариялады
Спорт • Бүгін, 17:37
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Бүгін, 17:22
Қазақконцерт пен ТҮРКСОЙ Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды
Қоғам • Бүгін, 17:10
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Бүгін, 17:01
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:52
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Бүгін, 16:45
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Бүгін, 16:36
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Бүгін, 16:28
Аймақтар • Бүгін, 16:18
Қаржы • Бүгін, 16:10
Жамбыл облысы Жуалы ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:02
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Оқиға • Бүгін, 15:53
Қазақстанда құс еті қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:43
ҰБТ: 267 оқушы тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды
Білім • Бүгін, 15:37
Түркістан облысы тұрғынының ауласынан 30 түп сора табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:28
Елордада «Нартай» фильмінің тегін көрсетілімі өтті
Өнер • Бүгін, 15:18
Қазақстан криптоактивтерді шығару бойынша әлемде екінші орында тұр
Қазақстан • Бүгін, 15:08
IPO-ға қатысу халық үшін қолжетімді болуы қажет – Президент
Қоғам • Бүгін, 15:03
Тұрар Рысқұлов ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 14:57
Президент: Елімізге жаңа әрі сенімді инвестиция көздері қажет
Президент • Бүгін, 14:50
Ұлыбритания Ресей алтынын импорттаудан бас тартты
Әлем • Бүгін, 14:44
Қазақстандықтардың салыққа берешегі 24,3 млрд теңгеге жетті
Қоғам • Бүгін, 14:35
Үйінде есірткі сақтаған ШҚО тұрғыны ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Жаңа облыстардың тұрғындарына көлік нөмірін ауыстырудың қажеті жоқ
Аймақтар • Бүгін, 14:20
Ресей сыртқы қарызы бойынша дефолтқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 14:13
Қазақстандық жас теннисшілер Уимблдон турнирінде өнер көрсетеді
Теннис • Бүгін, 13:53
Қытай Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 13:43
Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанады
Руханият • Бүгін, 13:31
Ұқсас жаңалықтар