Аймақтар • 20 Сәуір, 2022

«Алматы жылу жүйелері» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайтарады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Egemen.kz Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы жылу жүйелері» тұтынушыларға 49,4 млн теңге қайтарады

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті сыртқы ауаның нақты температурасын ескеріп, 2020-2021 жылдардағы жылумен жабдықтаудың құнын қайта есептеп, 49,4 млн теңге мөлшерінде артық соманы шығарған. Алайда қалаға қызмет көрсететін «Алматы жылу жүйелері» ЖШС мұнымен келіспеген, керісінше тұтынушыларға шамамен 5 млн теңге көлемінде қосымша есептеу қажет екенін хабарлады.

«Департамент Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Алматы жылу жүйелері» ЖШС-ын өз міндетін орындауға мәжбүрлеу туралы талап-арызбен жүгінді. Биылғы 26 қаңтардағы сот шешімімен талап-арыз толық қанағаттандырылды. Сонымен қатар ЖШС осы сот шешіміне аппеляция берді. Бірақ Алматы қалалық соты аппеляцияны қараусыз қалдырды. Енді «Алматы жылу жүйелері» күзгі-қысқы кезеңде температуралық режимді сақтамағаны үшін тұтынушыларға жылумен жабдықтаудың құнын 49,4 млн теңгеге қайта есептеу туралы шешімді орындауы қажет», делінген хабарламада.

Серіктестік алдағы мамыр айында тұтынушылардың түбіртектеріне қайта есептеу жүргізуі қажет.