Облыстық ТЖ департаментінің құтқарушылары жазатайым оқиға Қарағандыдағы құрылысшылар даңғылында орналасқан үйде орын алғанын айтады.
«Түстен кейін ересектердің қарауынсыз қалған бала 9 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы терезеден құлап кетті. 2017 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды», дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар бұндай жағдайлардың көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде орын алатынын еске салады.