Осы ретте 17 мамандықтың атаулары кеңейтіліп, бұрыннан бар мамандықтар қатарына қосылса, ал 23-і жаңа мамандықтар ретінде енгізіліп отыр. Жалпы алғанда, басым мамандықтардың тізімі техникалық бағыттағы мамандықтармен 30%-ға кеңейтілді.
Халықаралық бағдарламалар орталығы басым мамандықтарды анықтау үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларға қажеттілігі туралы мемлекеттік органдар мен ұйымдардан келіп түскен 70-ке жуық өтінімге талдау жасады. Кадрлық нарықтың ортамерзімді болжамы ескерілді. Мемлекеттік органдар, ЖОО, ғылыми орталықтар, индустрия және бизнес өкілдерінің қатысуымен сараптамалық кездесулер өткізілді.
«Биыл шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға арналған басым мамандықтар тізіміне жалпы академиялық оқуға арналған 92 мамандық және тағылымдамадан өтуге арналған 158 мамандық кірді. Тізімді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтынан қарауға болады», дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.