Спорт • 21 Сәуір, 2022

Келесі қарсыласы – швециялық

157 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

UFC-де өнер көрсетіп жүрген аралас жекпе-жектің хас шебері Дамир Исмағұлов өзінің келесі кездесуін үстіміздегі жылдың 19 маусымында өткізеді. Ресейде туып-өскен 31 жастағы қандасымыз бұған дейін түрлі промоушендерде күш сынасқан Скандинавия түбегінің сақа спортшысы Гурам Кутателадземен сайысқа түседі.

Келесі қарсыласы – швециялық

Гурамның жасы 30-да. Ол Грузияда туып-өскенімен, есейе келе Швецияға қоныс аудар­­ды. Алғашында кикбоксинг­пен шұғылданып, көптеген ха­лықаралық жарыста елеулі та­быстарға қол жеткізді. Кейін­нен грэпплинг, еркін күрес және бокс­ты меңгерді. 2010 жылдан бері аралас жекпе-жекке ден қойды. Бастапқы үш бәсекеде Кутателадзе же­ңіске жеткенімен, келесі екі кез­десуінде жеңілістің кермек дәмін татты. Сол сәтсіздіктерден сабақ алған ол Стокгольмдегі Allstars Gym Sweden клубында әйгілі швециялық спортшы Александр Густафссонмен бір залда жаттықты. Кейіннен олардың қатарына жас жұлдыз Хамзат Чимаев қосылды.

Мықтылармен иық тіресе жаттығу өз жемісін берді. 2005 жылдан бері Гурам тоғыз рет октагонға шығып, барлығында жеңіске жетті. Оның жалпы рекорды – 14 кездесу, 12 жеңіс (8 нокаут), 2 жеңіліс. Соңғы рет Швецияның өкілі 2020 жылдың 17 қазанында Әбу-Дабиде өткен жарыста польшалық Матеуш Гэмротты ұпай санымен ұтты.

Ал Дамир Исмағұловтың жүріп өткен жолы қазақ жан­күйерлерінің көз алдында. Орын­борда дүниеге келген қанда­сымыз 2014 жылдан бері ММА-ны серік етуде. Сол кезден бері 24 кездесу өткізген ол соның тек біреуінде ғана жеңіліс тапты. 13 бәсекені мерзімінен бұрын аяқ­тады. Дамир UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, барлығын ұпай санымен өз пайдасына шешті.