«Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының қажеттілігінің болмауына байланысты Қ.Қарақұловты Бас прокурордың көмекшісі УҰИ-дан босатты», деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы.
Еске сала кетейік, 2021 жылы 26-тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы («немқұрайлылық») бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы Қ.Қарақұлов УҰИ-ға қамауға алынған болатын.
Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Аяна Тоғанбек