Енді ол 68 кило салмақ дәрежесінде сарапқа салынған алтын медальді қырғызстандық спортшы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Мейрім Жұманазаровамен сарапқа салады.
Мадина Бақбергенова жартылай финалда жапониялық Наруха Мацуюкиден басым түсіп, финалда күресуге мүмкіндік алды.
Айта кетсек, 76 килода бозкілемге шыққан Гүлмарал Еркебаева құрлық додасының қола жүлдесі үшін бағын сынайды. Оның жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы Моңғолия балуаны Ариунжаргал Ганбат болмақ.