«Қазақ тіліндегі кітаптар саны көбейгені қуантады. Әсіресе, балалар үшін өте қызықты, заманауи сұранысқа ие кітаптар саны артып келеді. Біз балаларды кітап оқуға баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасын іске асырып жатырмыз. Бұл жоба шеңберінде мектеп кітапханаларына әдеби кітаптар сатып алынды, сондай-ақ кітапханалар жөндеуден өтіп, оның жұмыс форматы өзгертіліп жатыр. Мен әр мектепке барғанда дәл осы жобаның іске асырылуына ерекше көңіл бөлемін. Барлық мектеп пен колледжде бұл жұмыс жүйелі түрде жүргізілуі керек», деп атап өтті көрмені аралап көрген Білім және ғылым министрі.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласындағы ЭКСПО Халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан кітап жәрмеңкесіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апаттан аман қалған балалар басқа елдің азаматтары - министрлік
Оқиға • Бүгін, 17:25
Оқулықтан инновацияға дейін - білім беру саласындағы жаңа серпін
Сұхбат • Бүгін, 17:06
Президентке Ақтаудағы апат бойынша соңғы деректер баяндалды
Үкімет • Бүгін, 16:48
Президент ТМД-ға мүше елдер басшыларымен кездесті
Президент • Бүгін, 16:45
Ауа райы • Бүгін, 16:40