Коронавирус • 21 Сәуір, 2022

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы айықты

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы аурудан жазылып кетті. Бұл туралы  санитариялық-эпидемиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 98%-дан астамы айықты

Ресми өкіл таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда COVID-19 бойынша эпидемиялық жағдай тұрақты, тәулігіне 20-ға дейін инфекция жұқтыру дерегі тіркеледі. Бұл инфекцияның таралу коэффициентіне де әсер етті, сәуір айынан бері бұл көрсеткіш 1-ден төмен. Науқастардың 98%-дан астамы сауығып шықты.

«Соңғы айда стационарлық ем алатын науқастар саны 5,7 есеге (588-ден 102-ге дейін), амбулаториялық ем алып жатқан науқастар - 3,4 есеге (5655-тен 1655-ке дейін), инфекциялық төсек орындарының жүктемесі 2,0 есеге (8-ден 4%-ға дейін), реанимациялық төсектер жүктемесі 3,5 есеге 7-ден 2% - ға дейін төмендеді», делінген хабарламада.