10 Сәуір, 2014

Ең маңызды миссия – елдің орнықты дамуына үлес қосу

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Сарапшылық кеңес отырыс­тарын өткізу тәжірибесінде пі­кір­лесу алғаш рет Қазақ­станның жетекші универ­си­теттерінің, Алматы қаласындағы зерттеу институттары мен қор­лар­дың сарапшыларының, сон­дай-ақ, мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен бейнеконференция байланысы арқылы өтті. Күн тәртібінде үкіметтік емес ұйымдардың, қорлар мен зерт­теу орталықтарының жұмы­сын­дағы жаңа үрдістер, сонымен қатар, мемлекеттік орган­дардың ұлттық қауіпсіздік сала­сындағы болжамдық-талда­малық жұмыстарының мәсе­лелері қамтылды. Талқылау барысында Қа­зақ­стан Республикасы Пре­зи­дентінің көмекшісі – Қауіп­сіз­дік Кеңесінің хатшысы Қ.П.Қо­жамжаров үкі­меттік емес ұйым­дардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қо­ғамдық өмірінде алатын маңыз­ды жасампаздық рөліне ерекше тоқталды. Сарапшылар Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдар саласын реттейтін заңнамасы ТМД кеңістігі бойынша мейлінше либералды саналатынын, ел үкі­меті азаматтық бастамаларды дамытуға жан-жақты жағдай жасап келе жатқанын атап өтті. Қ.Қожамжаров үкіметтік емес ұйымдар қызметіндегі аса түйткілді мәселелерге ерек­­ше назар аудара отырып, олар­­дың ең маңызды миссиясы – Қазақстанның орнықты әрі табысты дамуына үлес қосу екенін айтты. Осыған орай ол ұлттық және халықаралық үкі­меттік емес ұйымдарды, қорлар мен институттарды мемлекет пен қоғам үшін стратегиялық маңызы бар міндеттерді орындауда сындарлы қарым-қатынас орнатуға шақырды. Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы аумалы-төкпелі халықаралық жағдай мен ұлттық қауіпсіздік ал­дында тұрған сын-қатерлер отандық сарапшылар қауымы мен мемлекеттің өзара тығыз қарым-қатынас орнатуын талап ететінін айтты. Отырыс қорытындысы бой­ынша Сарапшылық кеңес нақ­ты ұсынымдар берді, олар Қауіп­сіздік Кеңесі мен оның ве­домствоаралық комиссиялары жұмысы барысында пайдаланылатын болды.