Оқиға • 21 Сәуір, 2022

Түрмеге тамақ арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқат қабылдау бөлмесінде тамақ арасына 3 телефонды жасырып өткізбек болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрмеге тамақ арасына телефон жасырып өткізбек болған адам ұсталды

«Ол аталған мекемеде қамауда отырған айыпталушы 28 жастағы танысына сәлем-сауқат әкелген. Сотталушы ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабының 3-бөлігі бойынша жазасын өтеуде. Сәлем-сауқатты тексеру барысында палаудың ішінен 3 телефон және 1 қуаттағыш, 3 SIM-карта табылды», деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.