10 Сәуір, 2014

Ресейдің қауіпсіздік серіктестері – Сочиде

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Сочиде (РФ) арнаулы қызмет қауіпсіздік органдары және құқық қорғау органдары шет мемлекеттер – Ресей ФҚҚ серіктестері XІІІ кеңесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі. Екі күн аралығында кеңеске қатысушылар терроризмге және өзге де заманауи қауіп-қатерлерге қарсы әрекет ету саласындағы мәселелердің кең ауқымын талқылайды. Кеңес жұмысына 55 мемлекет­тің арнаулы қызметі мен халық­аралық ұйымдар өкілдері қаты­сады. Қазақстандық делегацияны ҰҚК Төрағасы Нұртай Әбіқаев бас­қарады.