Өнер • 22 Сәуір, 2022

Тұран даласына күй шашу

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Сайрам, Созақ аудандарының тұрғындарын тамаша өнерімен тәнті еткен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің «Тұран даласына күй шашу» атты гастрольдік концерті облыс орталығында жалғасын тапты.

Тұран даласына күй шашу

Киелі Түркістанға арнайы келген тарихи оркестр «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде қазақ халқының дәулескер күйшіле­рінің күйлері мен ұлы композиторларының әндерінен шашу шашты. Сонымен бірге әлем музыканттарының классикалық туындыларын тарту етті.

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі – Майра Мұ­хамед­қы­зы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­­керлері – Жұба­ныш Жексенұлы, Жеңіс Ысқақова, Мәдениет саласының үздігі Айнұр Әбілдаева ән шырқап жұртшылықтың ықыласына бөленді.

Оркестрдің бас дирижері – «Да­рын» жастар сыйлы­ғының лауреаты Абылай Тілепберген мен дирижер, мәдениет қайраткері Жексен Айсын да оркестрді шабыт­тандырып, музыка әлеміне жете­лей білді. Мазмұнды да әсерлі кеш сыйлаған оркестр ұжымына түркістандықтар ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті. Оркестрдің облыстағы өнер сапары Ордабасы ауданында түйінделмек.