«Аталған дерек бойынша тексеру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде оның ұйымдастырушылары мен қатысушылары анықталды. Олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.
Сонымен қатар пранк жасаған 18 жастағы бойжеткен халықтан кешірім сұрады.
«Бұл әлеуметтік эксперимент - пранк екенін айтқым келеді. Мен сол видеодағы қызбын. Менде бәрі жақсы, мені ешкім алып қашқан жоқ. Жұртшылықтан кешірім сұраймыз», деді ол.
«Шевроле Нексиа» автокөлігінің жүргізушісі – 1988 жылы туған И.есімді азамат та анықталып әкімшілік жауапқа тартылды.
«Құқық бұзушылық дерегіне сәйкес оған қатысты ҚР ӘҚбК-нің 290 бабы 2 бөлігі (КҚ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз басқару) және ҚР ӘҚбК-нің 601 бабы 1 бөлігі (жол белгілері мен таңбаларының талаптарын сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», деп атап өтті ведомствадан.