ШҚО ақпарат орталығының мәліметінше, турнирді Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Алтай» волейбол клубы ұйымдастырып жатыр.
«Сайыс Қарағайлы шағын ауданындағы «Арена» мәдени-спорт кешенінде өтеді. Оған әйелдер арасындағы волейболдан сары құрлықтың ең үздік 6 командасы қатыспақ. Чемпионат аясында Қазақстан, Жапония, Таиланд, Өзбекстан және Иран елдерінің командалары бақ сынайды. Ел намысын шығысқазақстандық «Алтай» және Солтүстік Қазақстан облысының «Қуаныш» клубтары қорғайды», делінген мәліметте.
Чемпионат 1 мамырға дейін созылады. Кіру тегін. Алғашқы ойын Таиланд пен Өзбекстан құрамалары арасында өтеді.