Оқиға • 24 Сәуір, 2022

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып, мерт қылды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Ескелді ауданында үш адамды, оның ішінде екі баланы көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында әйелді екі баласымен бірге көлік қағып, мерт қылды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 23 сәуір күні сағат 22:05 болған.

«Анықталғандай, «Audi-80» көлігінің жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел және екі кішкентай бала оқиға орнында мерт болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды», делінген ведомствоның хабарламасында.

 

Көліктің 19 жастағы жүргізушісі қамауға алынып, машина айып тұрағына қойылды.