Ақтөбе облысының жұрты түркістандықтардың алғысына кезекті рет ие болды. Кезекті дейтініміз ақтөбеліктер киелі қаланы түлетуге қосқан үлесі ретінде Түркістан облыстық драма театрының ғимаратын тарту еткен болатын.

Былтыр «Арайлы Ақтөбеден – киелі Түркістанға» тақырыбымен Ақтөбе топырағынан түлеген ақын жазушылар мен тарихи тұлғалардың шығармалары мен жүрген жолын насихаттау мақсатында келген рухани керуен көші де түркістандық зиялы қауым өкілдері мен кітапсүйер оқырмандардың алғысына ие болған-ды. «Алтын бесік Ақтөбеден – Ер түріктің бесігі Түркістанға» тақырыбындағы биылғы сапарларының да ауқымы кең.
Түркістан қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бес жылдығына орай Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтті. Облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбе өңірінің тыныс-тіршілігі таныстырылды, ауыл шаруашылығы өнімдері, бірқатар мәдени және ойын-сауық іс-шаралары ұсынылды. Ал этноауыл аумағында қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының этнографиялық коллекциясының көрмесі, театрландырылған көрініс, дәстүрлі орындаушылардың концерттік бағдарламалары өтті. Жергілікті жұрт «Керуен сарай» туристік кешенінде ақтөбелік әншілердің «Алтын аймақ – Ақтөбе» концерттік бағдарламасын тамашалады. Ал Түркістан музыкалық драма театрында Ғ.Жұбанова атындағы филармония ұжымы әзірлеген И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклі, қазақ тарихындағы ең жарқын кезең – Алтын Орданың 750 жылдығы аясында сахналанған өр рухты батырдың ерлігін дәріптейтін тұңғыш қойылым – «Ер Едіге» этнофольклорлық тарихи драмасы сахналанды. Қазақ тарихынан сыр шертетін спектакльге облыс тұрғындары мен қонақтары, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты. Отанға деген сүйіспеншілік, аманатқа адалдық, сертке беріктік, бірлік пен ынтымақ насихатталған пьеса авторы – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Светқали Нұржан, қоюшы режиссері – халықаралық фестивальдар лауреаты Данияр Базарқұлов, режиссері – өнер магистрі Алмат Шарипов. Қойылымды музыкамен өрнектеген облыстық филармонияның қазақ камералық хоры және «Арайлы Ақтөбе» фольклорлық ансамблі. Едіге рөлін – Мейірбек Шәкенов, Тоқтамыс ханның бейнесін танымал әртіс, «Мәдениет саласының үздігі» Мағзом Бақытжанов сомдады. Тарихи қойылым соңында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин өз пікірін білдірді. «Аты ежелден аңызға айналған Түркістан өңірі қайта түлеген сәтте ел болып асарлатты. Ақтөбеліктер де үлес қосып, осы отырған әсем ғимаратты тарту етті. Бүгінгі қойылымның басты кейіпкері елдің тұтастығы үшін жанын пида қылған, мемлекетшіл тұлға – Едігенің бейнесі қай заманға да үлгі. Өзге де кейіпкерлері арқылы сол өткен алтын ғасырдың жарқыраған және көлеңкелі тұстарын салыстыруға мүмкіндік береді. Осы қойылымның алдағы күндері өрісі кеңейіп, түбі бір түркі елдеріне де берер тағылымы мол болары сөзсіз», деді О.Оразалин.
Ал Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық спектаклі алғаш рет Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының тарихында «Өнер орталығы» концерттік залында көрсетілген екен. Республикалық деңгейдегі премьерасы Түркістан қаласынан бастау алып отыр. «Сыған серенадасы» қойылымында ән падишасы атанған әйгілі Шәмші Қалдаяқовтың тағдыры бейнеленген. Жас Шәмші жаңбырлы күндердің бірінде Сағыныш есімді арумен танысады. Бірақ екеуінің сүйіспеншілікке толы сырлы сезімдері оларды бір арнада тоғыстыра алмайды. Сазгер махаббат пен жалғыздық күйін кешіп жүргенде сығандар тобырына кез болып, Изольда есімді қызға ғашық болады. Шәмшіге сыған қызының да махаббаты оянады. Алайда сыған халқы еркін, көшіп-қонып жүрген ел болғандықтан, қазақ жерінен кететін сәт жетеді. Сол уақытта ғашықтардың қимастықпен қоштасуына тура келеді. Себебі Шәмші туған жерін, елін тастап, сүйгеніне еріп кете алмайды. Осылайша, дүниеге «Сыған серенадасы» әні келеді. Басты рөлдерді Нұржан Қаражанов пен Әлия Бисенбаева сомдаған қойылым көрерменнің жоғары бағасын алды. Спектакльге филармонияның 80-нен аса әртісі қатысты. Поэзиямен және әнмен өрнектелген қойылым аншлагпен өтіп, түркістандық көрермен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы ұжымына үлкен қошеметпен қол соқты.
Осылайша, екі күнге созылған мәдениет күндері Түркістандағы «Конгресс холл» сарайында өткен «Сәлем, Түркістан» гала-концертімен түйінделді. Концертте Ақтөбе облысының танымал эстрада жұлдыздары, би топтары, оркестр ұжымдары мен дәстүрлі әншілері өнер көрсетті. Дәстүрлі ән, күйлермен қатар классикалық әншілер шеруі, «Саз» балалар студиясының орындауында «Ақтөбе – алтын бесігім» мюзиклі шырқалды. Ақын Ә.Асылбековтің өлеңіне жазылған композитор Б.Оралұлының «Түркістан маршы» әні Түркістанда алғаш рет орындалды. Сондай-ақ бұл күні Farab кітапханасында ақтөбелік ақындар мен жазушылар оқырмандармен кездесті. «Алақай» қуыршақ театры «Жадыра, жайна, достар» қойылымын көрсетті. Ақтөбелік суретшілердің көрмесі ұйымдастырылды. Облыс басшылығы екі өңірдің арасында бұрыннан бар рухани-мәдени алтын көпірді нығайту, аймақаралық қарым-қатынасты ұдайы дамытып отыруды мақсат еткен ақтөбелік ағайындарға өз ризашылығын білдірді.
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
Ұқсас жаңалықтар