2013 жылғы 18 қаза Астана қаласы
Өсімдік шаруашылығы бойынша әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысандарды бекіту туралы
2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 3 маусымдағы №1-1/256 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі есеп картасына сәйкес бұйырамын: 1.Өсімдік шаруашылығы бойынша әкімшілік деректерді жинау үшін арналған қоса берілген мынадай: осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сүр жердің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мал азығын дайындау туралы деректер; осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күзгі дала жұмыстарының барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін жинау туралы деректер; осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес қар тоқтату барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес күздік дақылдар егісінің жағдайы туралы деректер; осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес республиканың ауыл шаруашылығы құрылымдарында далалық жұмыстарға техникалардың дайындалу барысы туралы деректер; осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қолда бар негізгі ауыл шаруашылығы техникаларының түрлері туралы деректер; осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы техникаларының негізгі түрлерін сатып алу туралы деректер нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығының вице-министрі М.Т.Өмірияевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.Министр А. МАМЫТБЕКОВ.
«Келісілді» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы ___________Ә. Смайылов 2013 жылғы 28 қазанҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2013 жылғы 18 қазандағы № 4-1/509 бұйрығына
1-қосымша
Приложение 1
к приказу Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
от 18 октября 2013 года № 4-1/509
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
форма, предназначенная для сбора административных данных
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің барысы туралы
О ходе проведения весенне-полевых работ
Есепті кезең 20___ ж.
Отчетный период 20___ г.
Индексі № 1-КЕЖ нысан Индекс Форма № 1-ВПР Кезеңділігі: күн сайын Периодичность: ежедневно Облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары тапсырады Представляют областные управления сельского хозяйства в МСХ РК Тапсыру мерзімі – 10 сәуірден бастап егіс науқанының соңына дейін Срок представления – с 10 апреля до завершения посевной компании _____________ (Жалғасы бар).