Қоғам • 25 Сәуір, 2022

Ауылдарды жаңғыртуға 100 млрд теңге бөлінді

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік және басқа да нысандарды жаңғырту бойынша жобалар биыл Қазақстанның 492 ауылында іске асырылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ауылдарды жаңғыртуға 100 млрд теңге бөлінді

«2022 жылы 914 жобаны іске асыруға 100 млрд теңге бөлінді, олар даму әлеуеті бар 492 ауылда жүзеге асырылады», деді Әлібек Қуантыров ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында сөйлеген сөзінде.

Министрдің айтуынша, бұл қаражат тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында-95, әлеуметтік инфрақұрылымда-313, білім беру жобаларында – 123, Денсаулық сақтау саласында – 51, мәдениет саласында - 62 және спортта – 77 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.

«Сондай-ақ, көлік инфрақұрылымының 506 жобасы жүзеге асырылады», деді Әлібек Қуантыров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР-да үш мыңнан астам ауыл жаңғыртылады.

Аяна Тоғанбек