Аймақтар • 25 Сәуір, 2022

Қарағанды облысында қар жауды

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы Шет ауданының елді мекендерінде 4-тен 6 мм-ге дейін қар жауды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарағанды облысында қар жауды

Синоптиктердің айтуынша, бұл ауа райы құбылысы бұрын болжанған. Ақтоғай ауданының оңтүстігінде қатты жаңбыр түрінде жауын-шашын болғандықтан, Қарағанды облысының көптеген өңірлерінде температураның төмендеуі байқалғандықтан, екі антициклон кездесіп, қар түрінде жауын-шашын пайда болды.

«Бұл бізге солтүстік-батыстан антициклон келгендіктен болды. Жауын-шашын оңтүстіктен циклонмен келді. Жылы және суық ауаның араласуы кезінде қар жауды», деп түсіндірді «Қазгидромет» метеорологиялық болжау бөлімінің бастығы Анастасия Грязнова.

Синоптиктердің айтуынша, түнде төмен температура 28 сәуірге дейін облыстың солтүстігінде сақталады.

«Қазіргі уақытта ауданның оңтүстік-шығысында Ақадыр, Ақшатау, Ақжал, Мойынты, Киікті, Босаға, Ортау кенттерінде қар жауады. Аудан бойынша жағдай тұрақты», деді Шет ауданы әкімі аппаратының бас маманы Олжас Төлеубаев.

 Аяна Тоғанбек