Оқиға • 25 Сәуір, 2022

Алматыда 1 жасар баланы көлік басып кетті

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Алатау ауданында жеке үйдің ауласында көлік басып кеткен 1 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 1 жасар баланы көлік басып кетті

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 сәуір күні болған. Жеке үйдің ауласынан шығып бара жатқан «Mitsubishi Delica» көлігінің 36 жастағы жүргізушісі баланы байқамай басып кеткен. 2021 жылы туған бүлдіршін жедел жәрдем келгенше оқиға орнында қайтыс болды.

«Аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды», деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі.