Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»
«ForteBank АҚ бойынша рейтинг те «Тұрақты» болжамымен «Ва2» деңгейінде расталды. Бұл капиталдандыру, пайда табу мен өтімділіктің нәтижесінде банктің инфляцияның артуы және қаржы нарықтарындағы жағдайдың қиындауы аясында орын алуы мүмкін активтер сапасының ықтимал әлсіреу тәуекелдерін тиімді басқара алатынын білдіреді. Сондай-ақ Moody’s «Қазақстанның даму банкі» АҚ-тың ұзақ мерзімді рейтингін «Ваа2» деңгейінде растады. Рейтинг бойынша болжам «Тұрақты» болып өзгертілді. ҚДБ рейтингтерінің «Baa2» деңгейінде расталуы «Бәйтерек» холдингі арқылы «Қазақстан үкіметі тарапынан банкті ықтимал сыртқы қолдауына қатысты белгісіздіктің азайғанын көрсетеді». Moody’s белгісіздіктің төмендеуінің даму институты жүзеге асырып жатқан трансформациялық өзгерістермен, атап айтқанда жоғары басшылық құрамындағы кадрлардың өзгеруімен, сондай-ақ кредиттік саясатты қайта бағдарлаумен байланысты деп түсіндіреді», деп мәлімдеді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Moody’s-тің біздің банктердің жағдайын «Тұрақты» болжамымен растауы – отандық қаржы институттарында орнықты кірістілік пен жоғары өтімділіктің бар екенін аңғартады. Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанның банк секторында үздіксіз қызметті қамтамасыз ету және банк қызметтерінің толық тізбесін көрсету үшін меншікті капитал мен өтімділіктің едәуір қоры бар.
Банктер агенттікпен бірлесіп ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша оның ішінде банктердің кеңейтілген тізімі бойынша 2022 жылдан бастап жыл сайынғы негізде жоспарланған толық ауқымды қадағалап стресс-тестілеу шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр.
«Қадағалап стресс-тестілеуді толыққанды енгізу банктердегі тәуекелдерді басқарудың ішкі процестерін жақсартады, сондай-ақ 2023 жылдан бастап экономика дамуының стрестік сценарийлерін іске асырған жағдайда ықтимал шығындарды жабу үшін жеткілікті деңгейде капитал бойынша талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл қазақстандық банктердің рейтингтерін одан әрі жақсартуға ықпал ететін болады», деп түсіндірді агенттік.