Көктемнің екінші айында әлем жұрты ғарышкерлер күнін атап өтуге асығады. Бұл мереке қазақ халқынан да алыс емес. Ескі мұрағаттарға үңілсеңіз, ай бетінде апталап жатқан қазақ ғарыш айлағынан қанат қаққан рухты азаматтарын көресіз. Қалалық архивте ғарышкерлердің ай үстінен жолдаған фотосуреттері бар. Оған мекеме қызметкерлері арнайы фотомозаика жасап, жеке галерея ретінде құрастырып, астана тұрғындарына емін-еркін тамашалауға жол жасапты.
Иә, ғарыш – бір жұмбақ әлем. Бала күнінде ғарышкер болуды армандамаған жан жоқ шығар. Байқоңырдан ұшқан әуе зымырандарын теледидардан көргенде, сол белгісіз мекенге біз де бірге сапарлаушы едік. «Жұлдыздap бізгe ғapыштың ұлылығы мен cұлyлығын көpceтeді, oндa біз ғapыштың мәңгілік caяхaтшылapы өз жұлдызымызды тaбyғa тыpыcaмыз», дейді атақты ұшқыш Вaлeнтин Pычков. Осы сөз рас-ау!
Жалпы, әлемде 180-нен астам мемлекет болса, солардың қатарында ғарышқа өз перзентін ұшырған елдер саусақпен санарлықтай. Әлемде өз ұлтынан үш немесе одан да көп азаматы ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар. Соның ішінде қазақ ұлтының, қазақ мемлекетінің бәсі биік.
Кеңес Одағы тұсында аға лейтенант Юрий Гагарин бастаған ұлы істі қазақ топырағынан түлеп ұшқан әуе батырлары жалғады. Қазақтан тұңғыш ғарышқа ұшқан даңқты ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің есімі бүгінде қазақ тарихында алтын әріппен жазылды. Ол ғарышта жүріп, Арал мәселесін зерттеумен айналысты. Қандай ғажап жаңалықтар ашты. Одан кейін екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаевқа үш рет ұшу бақыты бұйырды. Оның ерлігі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Ал тәуелсіздікке қол жеткеннен кейін ел атынан Айдын Айымбетов биікке самғады. Бұл да үлкен жаңалық болды.
Міне, оқырманға ұсынып отырған суреттер жиынтығы сол дәуірдің жаңғырығы іспетті. Арманшыл баланың қиялына қанат бітіріп, ұшқыш болуды мақсат тұтқан оқушының сеніміне қуат берері сөзсіз. Фотомозаиканы жеке-жеке көргіңіз келсе, елорданың архивіне барыңыз.