Аймақтар • 26 Сәуір, 2022

Павлодарда өртенген мектептің оқушылары дәстүрлі оқуға оралды

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық №28 мектептің оқушылары екіге бөлініп, қайтадан оффлайн білім ала бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда өртенген мектептің оқушылары дәстүрлі оқуға оралды

Фото: Константин Шелков

- Өткен аптада №28 ЖОББМ оқушылары үшін сабақтар онлайн өтті. Бүгіннен бастап бастауыш 557 оқушы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінде оффлайн режимде оқиды. Қалған 5-11-сыныптардың 529 оқушысы №35 жалпы орта білім беру мектебіне барады. Барлық сабақтар кесте бойынша өткізіледі.  Жағдай бақылауға алынған, - деді №28 ЖОББМ директоры Гүлмира Мантықова.


№28 ЖОМ басшысының айтуынша, екі мектепте де жаңадан келген балаларға тамақтану ұйымдастырылған.

Өрт  болған мектепте жөндеуге дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, 21 сәуірде Павлодар облысындағы мектептен өрт шығып, 551 бала эвакуацияланды.