Үкімет • 26 Сәуір, 2022

Биыл импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл импорт алмастыратын 165 жоба іске қосылады

«Биыл 165 жоба іске қосылады. Ал қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарлап отырмыз. Осы жылы іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі - 1,7 трлн теңге. Капиталды барынша қажет ететін, 820 млрд теңге көлеміндегі жобалар Атырау облысында іске асырылады. Жобалар санының аз болғандығына қарамастан, атап айтсақ 5 жоба, бір жұмыс орнына салынған инвестициялар көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Инвестициялардың ең аз көлемі Павлодар облысына тиесілі – 7,4 млрд теңге», деді Қ. Өскенбаев.

Оның атап өтуінше, капиталды ең аз қажет ететін жұмыс орындарын құру Батыс, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында болады. Бұл өңірлерде бір жұмыс орнына шамамен 20-30 млн теңге жұмсалады.

«Мемлекеттік органдар бөлінісінде жағдай келесідей: 2022 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 107 жобаны, Ауыл шаруашылығы министрлігі 46 жобаны, Энергетика министрлігі – 5 жобаны және Денсаулық сақтау министрлігі 7 жобаны іске асыруға жауапты. Жобалар толық қуатымен жүзеге асырылған кезде 2,5 трлн теңгенің өнімі шығарылып, экспорттың жалпы көлемі 3,6 млрд АҚШ долларын құрайды деп жоспарлануда», деді министр.



 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025