Спорт • 27 Сәуір, 2022

Білек күші бәсекеге түсті

344 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Петропавлда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған қазақ күресінен ІІМ-нің және «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының ведомствоаралық спартакиадалары аяқталды.

Білек күші бәсекеге түсті

Екі күн бойы Александр Винокуров атындағы Спорт са­райында еліміздің түкпір-түк­пірінен келген погонды ба­луандар күш сынасты. По­ли­ция департаменттерінің 18 құра­ма командасынан, сон­дай-ақ «Динамо» ДШСҚ Ор­талық кеңесінің 8 командасынан қатысқан балуандар боз­кілем­нің үстінде жеңім­паздарды анықтады.

Спартакиаданың қоры­тын­дысы бойынша жүл­делі үшінші орынды Ал­маты қаласының поли­ция департаменті ие­ленді. Екінші орынды Нұр-Сұл­тан қаласының полиция депар­таменті, ал бірінші орынды қарағандылық полицейлер жеңіп алды. «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоға­мы­ның ведомствоаралық спар­такиа­дасының қорытын­дылары бойын­ша үшінші орынды ТЖМ командасы, екінші орынды Ұлттық ұланның командасы, бірінші орынды ІІМ командасы иеленді.

Жеке салмақ категориялары бойынша 100 кило және одан жоғары салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды Алматы облысы полиция департаментінің қызметкері Жәнібек Дүй­сем­баев иеленді. 100 килоға дейінгі сал­мақта Алматы облысы по­ли­ция департаментінің қыз­мет­кері Александр Косачев, 90 кило сал­мақта Ақмола облысы по­лиция департаментінің қыз­меткері Әсет Жүнісов, 82 кило салмақта Түркістан облысы полиция департаментінің қыз­меткері Еркеғали Қуан­дық, 74 кило салмақта Алма­ты қаласы Полиция департа­ментінің қыз­меткері Дәурен Қамаш, 66 кило салмақта Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қыз­мет­кері Ерболат Құнанбаев үз­­дік атанды. Жүлдегерлер «Ди­­­намо Барысы» белдігімен, ку­бок­тармен және грамоталармен марапатталды.

Тө­зімділік, күш-жігер және шың­далған техника – мұ­ның бәрі қызу тартыста сәтті өнер көрсетудегі маңызды қа­­сиеттер. Спорттың тартыс­ты түрі мен халқымыздың ұлт­­­тық дәстүрін біріктірген спорт­тық мереке 23 маусым­да атап өткелі тұрған ел по­ли­­циясының мерейтойына да­йын­дықтың жарқын кезеңі», деп атап өтті облыстық полиция де­­пар­таментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қаб­дұлдинов.

Спорттық мерекенің құр­метті қонақтары қатарында Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, «Ди­намо» ДШСҚ Орталық кеңесі төр­ағасының бірін­ші орын­басары Асқар Омар­құлов, облыстық күш­тік құрылым­дардың басшылары, атақты спорт­шылар және ардагерлер қа­тысты.