Парламент • 27 Сәуір, 2022

Қазақстан-Қытай арасындағы радиоактивті қалдықтарды өткізбеу туралы құжат мақұлданды

404 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қытай Үкіметі арасындағы Ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болғызбаудағы өзара іс-қимыл жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан-Қытай арасындағы радиоактивті қалдықтарды өткізбеу туралы құжат мақұлданды

«Ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды заңсыз өткізудің алдын алу мақсатында кедендік бақылау саласындағы Тараптардың ынтымақтастығын кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, заманауи технологияларды енгізу мәселелері бойынша ынтымақтастық, бірлескен оқу-жаттығулар мен оқыту семинарларын өткізу ескерілген. Екіншіден, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Тараптардың халықаралық мiндеттемелердi орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы орайда, тараптардың кеден шекарасындағы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу, азаматтардың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қамтылған», деді Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, үшіншіден, тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес, әкелуге тыйым салынған ядролық, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды, радиациялық қауіпті заттарды әкелуге жол бермеуге мүмкіндік береді. Бұл тұрғыда радиация аясы белгіленген нормалардан асатын тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауға қатысты Тараптар мемлекеттері заңнамасының талаптары әкелу елінде сақталмаған жағдайда, мұндай тауарларды екінші Тарап мемлекетінің аумағына әкетуге жол берілмейді.

«Тараптар екінші Тараптың аумағынан келіп түскен тауарлар мен көлік құралдарының иондаушы сәулелену деңгейіне қатысты аспаптар көрсеткіштерінің әртүрлілігі анықталған жағдайда, мұндай көрсеткіштер анықталған өткізу пунктінің аумағында бірлескен радиациялық бақылау жүргізу мүмкіндігі Келісімнің маңызды нормасы болып отыр.

Бірлескен радиациялық бақылауды жүргізу тәртібін Тараптар мемлекеттерінің кеден органдарының өкілдерінен және оқу орталықтарының мамандарынан тұратын бірлескен жұмыс тобы айқындайды. Осы Келісімді ратификациялау Қазақстан мен Қытай арасындағы ядролық материалдарды, радиоактивті материалдарды, радиоактивті қалдықтарды және радиациялық-қауіпті заттарды заңсыз өткізуді болдырмау рәсіміне қатысты мәселелерді неғұрлым нақты және неғұрлым тиімді құқықтық реттеуге ықпал ететін болады. Келісімді іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді», деді министр.



 

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025