Қоғам • 27 Сәуір, 2022

E-Salyq Business қосымшасы салық рәсімдерін жеңілдетті

827 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кірістер комитеті E-Salyq Business мобильді қосымшасын әзірлеп, іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

E-Salyq Business қосымшасы салық рәсімдерін жеңілдетті

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев мәлім етті.

– Қосымшаны әзірлеудегі негізгі мақсат – Мемлекет басшысының жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін түбегейлі жеңілдету туралы тапсырмасын орындау. Ол 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ел аумағында қолданысқа енгізілді. Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады. Бүгінгі таңда қосымшаны 27 мыңнан астам кәсіпкер пайдалануда, – деді Азамат Панбаев.

E-Salyq Business мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті.

  • Мобильді қосымшаның функционалы: жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
  • кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
  • қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
  • салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде есептеуге;
  • жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
  • оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 нысан);
  • кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.

Одан бөлек, E-Salyq Business-те ыңғайлы сервистер әзірленуде. Олардың көмегімен:

  • салық органдарының жіберген хабарламасын алуға;
  • бір төлем құжатымен бірнеше салықты төлеуге;
  • артық не қате төленген салықтарды алдағы салықтар есебіне жатқызуға немесе қайтарып алуға болады.

Сондай-ақ бірқатар анықтаманы да алу мүмкіндігі бар. Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу туралы, оның және оның жұмысшыларының табысы туралы анықтамаларды ала аласыз. Бұлардың барлығы талап етілген жерге ұсынуға арналған.

Осылайша, мобильді қосымшада жеке кәсіпкердің салық міндеттемесін орындаудың барлық өмірлік циклі қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025