Үкімет • 27 Сәуір, 2022

Жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Қазақстан экономикасын демонополизациялау жөніндегі бірқатар шаралар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырыс барысында қазіргі таңда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың инвестициялық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін конкурстан тыс негізде жер телімдерін бөлетінін атап өтті. Бұл ретте ӘКК-ке оларды игеруде ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Алайда бөлінген жер телімдері іс жүзінде көп пәтерлі тұрғын үйлер, мейрамханалар, көлік жуу орындарын және т.б. салу үшін пайдаланылып жатыр.

Мысал ретінде еліміздің ірі қалаларының бірінде ӘКК-ге 679 га жер бөлінгені айтылды, оның 254 га тұрғын үй құрылысына, 96 га коммерциялық объектілерге және тек 5 га өндірістік база мен зауыт салуға берілген.

Аталған мәселені шешу үшін ӘКК арқылы жер телімдерін конкурстан тыс беру мүмкіндігін алып тастау ұсынылды, бұл жерді бөлудің ашықтығын қамтамасыз етуге және оны сатудан бюджетке түсетін түсімдердің көлемін ұлғайтуға, нарықтың барлық субъектісіне жерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тең мүмкіндіктер беруге жол ашады.

Сондай-ақ отырыста магистральдық теміржол желілерін жөндеу саласында бірнеше компания ғана қызмет көрсететіні атап өтілді. Бұл оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптарына байланысты болып отыр.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі «Самұрық-Қазына» қорына осы салада бәсекелестікке қолайлы жағдай жасау үшін аталған талаптарды жұмсартуды қарастыру тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025