Әлем • 27 Сәуір, 2022

SpaceX компаниясы Crew Dragon кемесімен төрт ғарышкер ұшырды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

SpaceX америкалық компаниясы сәрсенбі күні Crew Dragon кемесімен зымыран-тасығыш ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.



SpaceX компаниясы Crew Dragon кемесімен төрт ғарышкер ұшырды

Ол Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) төрт ғарышкер жіберген. Трансляция АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасының (NASA) сайтында жүргізілуде. Falcon 9 зымыран-тасығышы Канаверал (Флорида штаты) ғарыш айлағынан АҚШ уақытымен 03:55-те ұшқан. Freedom (Бостандық) деген атау берілген кеме экипажының NASA астронавттары – Челл Линдгрен, Роберт Хайнс және Джессика Уоткинс, Еуропалық ғарыш агенттігі (ЕКА) өкілі, итальяндық Саманта Кристофоретти кірген.

Ғарышкерлер 200-ден астам ғылыми тәжірибе жүргізеді деп күтілуде. «Бостандық» ХҒС-пен 28 сәуір күні 20:15-те түйіседі. Бұл – NASA-ның SpaceX-пен ынтымақтастығы аясында ХҒС экипажының америкалық тараптан төртінші ротациясы.

Линдгрен, Хайнс, Уоткинс және Кристофоретти орбитада америкалық әріптестері Раджу Чари, Том Маршберн және Кайла Бэррон және Маттиас Маурерді алмастырады.