2022 жылдың 25-27 сәуір аралығында Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Qyzğaldaq-2022» ІІ Халықаралық студенттік конкурс-пленэрі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жас таланттар байқауын академия галереясы және «Көркемсурет» кафедрасы ұйымдастырды.
Байқауға «Кескіндеме» бағыты бойынша (бейнелеу өнері, дизайн және қолданбалы өнер саласы) Қазақстан және өзге елдердегі жоғары оқу орындарының студенттері шақырылды.
Қазақстан, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің онға жуық университетінен 20-дан аса студент өнер бәйгесінде бағын сынады.
26 сәуір күні конкурс-пленэр қатысушылары «Шарын» шатқалына саяхат жасап, табиғат көрінісінен этюд жазды.
Ал 27 сәуірде Алматы қаласының тарихи, мәдени орындарымен, көрікті жерлерімен танысып, шаһарды аралады.
Сондай-ақ осы күні байқау жеңімпаздары мен номинация иегерлері анықталып, жабылу салтанатында марапатталды.
Конкурстық комиссия құрамында Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-сының профессор-оқытушылары, Қазақстанның белгілі суретшілері және шетелдік суретші мамандар болды.
Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері:
Бас жүлде (Гран-При) дипломы – Арыков Дыйканбек (Тұрғынбай Садыков атындағы Ұлттық өнер академиясы, Қырғызстан Республикасы)
І дәрежелі диплом – Смагулова Жанель (Қазақ ұлттық өнер университеті «Шабыт»)
ІІ дәрежелі диплом – Омуркулов Баяман (Тұрғынбай Садыков атындағы Ұлттық өнер академиясы, Қырғызстан Республикасы)
ІІІ дәрежелі диплом – Сқақова Ақерке (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)
«Ең үздік композициялық шешім» – Хан Санг (Оңтүстік Корея, Чунгнам Ұлттық университеті)
«Ең үздік колористік шешім» – Еркін Қайнар (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Өнер, мәдениет және спорт» институты)
«Ең үздік табиғат көрінісі» – Атанбаев Әлім (Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)
«Көрермен көзайымы» - Мәдіберген Нұрдәулет (Темірбек Қараұлы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы)
Айта кетсек, Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалды, академия профессоры, «Құрмет» орденінің иегері Ғазиз Ешкенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы Өмірбек Жұбаниязов, ҚР Жас Суретшілер одағының төрағасы Нұрлан Сатаев, Қайрат Зауытбеков сынды азаматтар байқауға демеушілік етті.
Аймақтар • Кеше
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Кеше
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Кеше
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Кеше
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Кеше
Қоғам • Кеше
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Технология • Кеше
Экология • Кеше
Экология • Кеше
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Кеше
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Кеше
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Кеше
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Кеше
Қоғам • Кеше
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Кеше
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Кеше
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Кеше
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Кеше
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Кеше
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Кеше
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Кеше
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Кеше
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Кеше
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар