«Нью-Йорк джаз-сити» фестивалінде өнер көрсететін жалғыз шетелдік оркестр болмақ
Таяуда Алматыда XIII Халықаралық Джаз фестивалі басталды. Бес күнге созылатын фестивальді Тагир Зариповтың жетекшілігіндегі «Джаз Бэнд Алматы» оркестрі мен Түркиядан келген Бакы Дуярлының квартеті ашты. Музыкалық оқиғаға орайлас келген тағы жағымды жаңалықтың бірі – «Джаз Бэнд Алматы» оркестрі тұңғыш рет «Нью-Йорк джаз-сити» фестивалінде өнер көрсетеді. АҚШ-тың Линкольн орталығында 13 сәуірде басталатын аса беделді фестивальға қазақстандықтар алғаш рет қатысқалы отыр әрі жалғыз шетелдік ұжым болмақ. Билеттері алдын ала сатылып қойған фестивальде көрермендер бес күн бойы әлемдегі ең әйгілі джаз майталмандарының өнеріне қол соғады. Осы фестивальға Қазақстан атынан алғаш рет аттанып бара жатқан «Джаз Бэнд Алматы» оркестрі №7 балалар музыка мектебінің базасында құрылған болатын. Қазіргі таңда оркестрдің үш құрамы бар. Осылайша, жастарды музыкаға баулымақ болған Тагир Зариповтың бұл бастамасы баянды болып тұр. Қазір аталмыш оркестр Алматыдағы айтулы мәдени шаралардың көзайымына айналып келеді. Оркестр АҚШ пен Нидерланд елін аралап, Артуро Сандоваль, Майкл Брэкер, Пэт Метени, Дэйв Холланд ансамблі сияқты аса танымал джаз музыканттарының өнерін тамашалап, тәжірибе байытуда. Алматыда өтіп жатқан XIII Халықаралық Джаз фестиваліне келсек, Швейцария, Германия, Франциядан белгілі джаз топтары өнер көрсетуде. Оған қоса, тұңғыш рет Қазақ ұлттық өнер университетінің Биг Бэнд және «Дервиши» тобының «Восточный Экспресс» этно тобы тартылған. Биыл бір мүшелге толған бұл мәдени шараға Алматы қаласының әкімдігі мен Түркия, Швейцария, Германия және Франция елшіліктері тұрақты қолдау көрсетіп келеді. Ал биылғы «Нью-Йорк джаз-сити» фестиваліне шақырылып отырған жалғыз шетелдік оркестр – «Джаз Бэнд Алматыға» жетекшілік ететін Тагир Зарипов Алматыдағы «XIII Халықаралық Джаз мерекесі» фестивалінің ғана емес, бүкіл Орталық Азия бойынша жалғыз джаз мектебінің негізін қалаған адам. Бұл мектеп 2000 жылы ашылған. Аталмыш музыка ордасында 190 оқушы білім алып жатыр. Онда жаздық сольфеджио, джаз тарихынан пәндер өтіледі. Оқу мерзімі – музыкалық аспаптардың күрделілігіне байланысты 5-7 жыл. – Алматыда биыл 13 рет өткізіліп отырған «Халықаралық Джаз мерекесі» фестивалінде шетелдік өнер майталмандары мектебімізде тегін шеберлік дәрістерін өткізеді. 13 жыл ішінде біздің фестивальде 300-ден астам шетелдік музыканттар өнер көрсетті. Жас музыканттарды тәрбиелеуде фестивальдің алатын орны зор, – деді Тагир Зарипов. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:10
