Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен өткен жиында мемлекеттік тілді одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Қазақ тілінің жанашыры Назгүл Қожабек қазір қолданыста жүрген кейбір сөздердің кезінде қате аударылғанына тоқталды. Оның айтуынша, елімізде екі министрліктің атауы қате аударылған.
«Ақпарат және қоғамдық даму мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму деп аталатын министрліктедің атауында қателіктер бар. Дұрысы «қоғамдық даму» емес, «қоғамды дамыту» болады. Сондай-ақ инфрақұрылымдық даму емес, инфрақұрылымды дамыту деген дұрыс», деді тіл жанашыры.
Шарада мемлекеттік тілді дамытуға елеулі үлес қосып жүрген белгілі лингвист ғалымдар, тіл үйрету жобаларының авторлары мен әдіскерлері «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Аяна Тоғанбек